ШҚО-да құсбегіліктен чемпионат өтіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында құсбегіліктен облыстық II чемпионат өтіп жатыр. 6-8 ақпан күндері ұйымдастырылған байрақты бәсекеге өңірдің ең мықты шамамен 30 құсбегісі қатысуда.

Аталған жарыс қазақ халқының көне дәстүрлерін жаңғыртуға және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға бағытталған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.

Чемпионат екі санат бойынша өтуде: бүркіттер мен қаршығалар арасында. Сайыс барысында аңшы мен қыран құстың өзара үйлесімі, баптау деңгейі мен аңшылық шеберлігі бағаланады.

Жарыс көрермендерге ерекше әсер сыйлап, адам мен табиғат арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан байланысын айқын көрсетуде. Құсбегілік өнері — халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі.

Осындай жарыстар ұлттық құндылықтарды сақтауға, жас ұрпақтың салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық спорттың дамуына серпін береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1156939?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version