Олимпиада қалашығында шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының спортшылары орналасқан. Сапар барысында министр спортшылармен, жаттықтырушылармен әңгімелесіп, олардың жағдайын, тамақтануы, күн тәртібі туралы сұрап, сондай-ақ жарыс алдында өздерін қалай сезінетіні мен көңіл күйін сұрады.
Ербол Мырзабосынов спортшыларға сәттілік тілеп, өз күшіне сеніп, жоғары нәтиже көрсетуге тілектестік білдірді. Ол бүкіл ел олардың өнерін жіті бақылап, командаға жанкүйер болып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар министр төрт жылда бір өтетін басты жарысқа барынша ден қойып, командалық рухты сақтап, бар күш-жігерді салудың маңызын ерекше атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1157079?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау