«Адалдық пен жауапкершілік – болашақ кепілі»: Ақтауда жаңа Конституция жастардың тарапынан қолдау тапты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтауда «Адалдық пен жауапкершілік – болашақ кепілі» тақырыбында іс-шара өтті. Кездесу барысында жаңа Конституция туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шарада қала жастары жаңа Конституцияға қолдау білдірді.
Жиын барысында Маңғыстау облыстық әкелер одағының төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен Маңғыстау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Жақсыгүл Маханбетова жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.

-Аталған Конституцияның бұрынғы Конституциядан өзгешелігі мен қоғам беретін артықшылықтары туралы айтылды. Жаңа Конституцияда көрініс тапқан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері кеңінен түсіндірілді, – деді Жақсыгүл Маханбетова.

 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1157862?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version