Күн тәртібінде бір мәселе қаралды:
2013 жылғы 22 шілдедегі №329-ө-м бұйрығымен бекітілген Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, қандас мәртебесін беру туралы өтініш білдірген тұлғалардың құжаттары қаралды.
Атап айтқанда, қандас мәртебесін беру мәселесі өтініш берушінің:
– тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешу мүмкіндігі бар;
– Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын отбасы мүшелерімен немесе жақын туыстарымен қауышу мүмкіндігі болған жағдайда;
– сондай-ақ тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешу мүмкіндігі бар жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына орналасу үшін не Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтарға қатысты қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzsp/press/news/details/1157263?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау