Былтыр Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Kazrost Engineering Ltd» кәсіпорнында Еңбеккерлер ассамблеясы ашылған еді. Жоба аясында еңбек ұжымы жалпыазаматтық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға бағытталған шараларға қатысуда.
2026 жылғы 9 ақпанда Көкшетау қаласындағы «Kazrost Engineering Ltd» ЖК ұжымымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.
Шараның негізгі мақсаты – ҚР жаңа Конституциясының жобасында айқындалған әділетті мемлекеттік басқару қағидаттарын, заң үстемдігін нығайтуға бағытталған бастамаларды және «Әділетті Қазақстан» құндылық бағдарларын еңбек ұжымына кеңінен түсіндіру болды. Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықтың басты факторы саналатын этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мәселелері де назардан тыс қалмады.
Кездесудің спикерлері облыстық Достық үйінің басшысы Қ.Шақшақов, «Байтақ» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі А.Баяжұма, «Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш» қоғамының төрағасы, медиация кеңесінің мүшесі Г.Яндиев қатысушылармен диалогтық алаң өткізді.
Сондай-ақ, кездесу барысында этносаралық келісімді сақтаудың, толеранттылықты тәрбиелеудің және қоғамда тұрақты атмосфераны сақтаудың маңыздылығы айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/1157940?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау