Ағымдағы жылдың 7 ақпанынан 8 ақпанына қараған түні сағат 23:50-де «102» жедел арнасына Ақтау қаласы, 4-шағынаудан, 50-үй мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Хабарлама бойынша оқиға орнына «Мираж-2» автопатрулімен патрульдік полиция батальонының 2-рота, 1-взвод қызметкерлері жедел жіберілді.
Оқиға орнына бірінші болып жеткен полиция қызметкерлері жағдайды тез бағалап, адамдарды құтқару жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде түтінге толы пәтерден өздігінен шыға алмаған мүмкіндігі шектеулі ер адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Полиция капитаны, взвод командирі Орысбаев Ануар мен ППБ-ның аға инженері, полиция аға лейтенанты Орынбаев Бердібектің кәсіби және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында азаматтың өмірі сақталып қалды.
Құтқарылған азамат жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Полиция департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1157084?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау