Астана қалалық мәслихатының депутаттары жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін қаланың өндірістік кәсіпорындарының бірі «DANMARD»ЖШС барды (06.02.2026)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар барысында олар 2008 жылы қызметін бастаған кәсіпорынның қалыптасу тарихымен танысты. Осы жылдар ішінде кәсіпорын кеңейту және жаңғырту кезеңдерінен өткен.

Қазіргі уақытта өндіріс Технопарк аумағында орналасқан және жалпы аумағы 2 мың шаршы метрден асатын жеке цехтарды, заманауи тігін жабдықтарын, сондай-ақ білікті кадрлық құрамды қамтиды. Кәсіпорын шамамен 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Депутаттарға шығарылатын өнімнің негізгі бағыттары таныстырылды: жеке қорғаныс құралдары, түрлі қызметтерге арналған арнайы киім мен жарақ элементтері, шатыр және трикотаж өнімдері, сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша дайындалатын бұйымдар. Өнімдердің қауіпсіздік талаптары мен қолданыстағы стандарттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

Кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлерімен өткен кездесуде отандық өндірісті дамыту, өндірістік қуаттарды жүктеу, кадрлық әлеует, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың мемлекеттік және мобилизациялық тапсырыстарға қатысу мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1157094?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version