Ағымдағы жылдың 4 ақпанында Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.У. Кыстаубаеваның, сондай-ақ Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Б.Қ. Сибатованың қатысуымен Департамент қызметкерлері үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған және қызметі тоқтатылғаннан кейін қайтадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру тәртібі бойынша түсіндірме берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1157365?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау