Елордалық боксшылар Испанияда өткен турнирде 3 алтын мен 1 қола медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite халықаралық турнирінде Қазақстанның ерлер құрамасы жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ұлттық құрама қоржынына 5 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль түсті. Олардың қатарында ел намысын қорғаған елордалық былғары қолғап шеберлері де жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, үш спортшымыз алтын медаль иеленді. Олар: Санжар Ташкенбай (50 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг). Ал Тимур Нұрсейітов (75 кг) қола жүлдегер атанды.

Биыл 40-рет ұйымдастырылған дәстүрлі турнирде Қазақстан, Украина және Англия құрамалары ең беделді қатысушылардың қатарында болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1157491?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version