Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары аясында Басқарма басшысының «SAT NS» құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында Конституциялық өзгерістердің мақсаттарына, олардың елдің қоғамдық-саяси дамуына, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға жаңартылған Негізгі заңға енгізілген қағидаттар мен тұжырымдамалық ұстанымдар туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында маңызды пікір алмасу орын алып, компания өкілдері өз ойларын бөлісіп, Конституцияның мемлекеттік басқарудағы және қоғам өміріндегі рөлі туралы сұрақтар қойды.
Мұндай кездесулерді өткізу мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды тетігі болып табылады және ашықтықты, құқықтық ағартуды, азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-kkgs/press/news/details/1157917?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау