Апта ішінде Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу өтті. Жиын №207 мектепте ұйымдастырылды.
Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік нысандар, ауданның тазалығы, ауызсу мәселесі, сондай-ақ жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамытуға қатысты сұрақтар көтерді. Атап айтқанда, Абай саяжайларының тұрғындары үздіксіз сумен қамту және саяжайды жеке тұрғын үй құрылысы (ИЖС) санатына көшіру мәселелерін қозғады. Кездесуге жауапты басқармалар мен аудандық қызметтердің өкілдері қатысып, тұрғындардың сұрақтарына сол жерде түсіндірме берді. Бірқатар өтініштер жұмысқа алынып, кей мәселелер бойынша оқиға орнына шығу жоспарланды. Сондай-ақ Алма-Сити тұрғын үй кешеніндегі жарықтандыру мәселесі талқыланды. Қазіргі уақытта мұнда жарық бағаналарын орнату және жарықтандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1157097?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау