Нұрсат шағын ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ұйымдастыруымен Нұрсат шағын ауданында өрттердің және улы газбен улану жағдайларының алдын алуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары өтті.

Іс-шара аясында тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары, газ және жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану ережелері, сондай-ақ улы газдың қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар төтенше жағдай орын алған кезде әрекет ету тәртібін айтып, ақпараттық жадынамалар таратты.

Аталған профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жазатайым оқиғалардың алдын алу. Осындай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1157630?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version