Өңір аумағында ауа райының қолайсыздануына байланысты, жауын-шашын жаңбыр түрінде жауып, түнгі уақытта ауа температурасының төмендеуіне орай автожолдардың жекелеген учаскелерінде көктайғақ пайда болуда.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген қызмет режиміне көшіріліп, апаттық қауіпті учаскелерде тұрақты бақылау жүргізуде.
– Полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, жол қозғалысына қатысушыларға уақытылы көмек көрсетіп, көлік ағындарын реттеуде. Полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, арақашықтықты ұстануға, күрт манёврлардан аулақ болуға, сондай-ақ мүмкіндігінше алыс сапарлардан бас тартуға шақырады, – деп хабарлады құқық қорғау органдарының өкілдері.
Жаяу жүргіншілерге жолдан өту кезінде барынша мұқият болып, таймайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады.
Жолдағы қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік. Жол қозғалысы ережелерін сақтау өмір мен денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1157209?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау