2025 жылы Қазақстанның көлік саласы еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және тасымалдау тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі дамуды жалғастырды. Аталған бағыттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдар көлемі 36,9 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 6,6%-ға артық. Транзит көлемінің артуы – көліктің барлық түрін кешенді дамытудың, сондай-ақ логистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған дәйекті жұмыстың нәтижесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1157373?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау