Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп Қылмыстық-атқару жүйесінің №68 мекемесіне экскурсиямен барды.
Экскурсия барысында мекеменің қызмет бағыты, сотталғандарды ұстау жағдайлары, тәрбие және әлеуметтік-бейімдеу жұмыстары, сондай-ақ мекеменің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Қатысушылар мекеменің негізгі нысандарын аралап, қызметкерлердің күнделікті атқарып отырған жұмыстары туралы жан-жақты ақпарат алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1157234?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау