Атырау облысы Әділет департаменті мен Заң клиникасы студенттері бірігіп Әділет министрлігінің тапсырмасымен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық чат-бот» жасанды интеллект агентінің QR-код белгілері «Algabus» ЖШС автопаркінің қала ішінде тасымалдауда жүрген автобустарындағы көрнекті жерлерге орналастырды.
Аталған чат-бот азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша жедел әрі тегін кеңес алуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1157348?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау