Қызылордада азот оксиді құйылған шарлардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласындағы түнгі клубтардың бірінде азот оксиді құйылған шарлардың ашық түрде сатылып жатқандығы туралы жедел ақпараттың негізінде полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Прокуратура органдарының үйлестіруімен Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында аталған түнгі клубтан 10 литрлік 4 дана газ баллоны және полиэтилен пакетке салынған 6 дана шар анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес (Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Сонымен қатар, клуб қызметкерінің кәмелет жасына толмағаны анықталып, оның заңды өкілдеріне қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

Айта кетейік, рейдтік шаралар «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, демалыс күндері қала аумағында полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, барлық ойын-сауық орындарында профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1157100?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version