ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖҰМА, СЕНБІ, ЖЕКСЕНБІ КҮНДЕРІ КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дрондарды пайдалануда. Жаңа форматта жұмыс істеп жатқан сақшылар дауыс ұлғайтқышы мен LED жарық шамдарымен жабдықталған 4 ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдануда.  Дрондар қала аумағында әуеден бақылау жүргізіп: – қоғамдық тәртіпті сақтауға; – дауыс ұлғайтқыш арқылы тұрғындарды тазалыққа шақыруға; – қараңғы көшелер мен аулаларды жарықтандыру арқылы қылмыстың алдын алуға; – жол қозғалысы кезінде құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.  Бұл – заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Жаңа дрондар полиция қызметінің жеделдігі мен тиімділігін айтарлықтай арттыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1157112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version