Балаларды құтқарып қалған Рулан Сейітов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Медальды оған Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Фархат Әміре табыстады.
-Оқиға 18 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Соловьёво ауылында болған. Өз үйінің ауласында шаруашылық жұмыстарымен айналысып жүрген Рулан Сейітов Копылов көшесіндегі көршісінің үйінің шатырынан түтін шығып жатқанын байқайды. Ол бірден көмекке ұмтылған.
Үйдің кіреберіс есігін ашуға әрекеттенгенімен, іші қою түтінге толуына байланысты ғимаратқа кіру мүмкін болмаған. Осыдан кейін Рулан Сейітов үйді айналып өтіп, екінші жағынан сынған терезені көреді. Терезе маңында көмекке мұқтаж екі баланы байқап, оларды түтінге толы үйден терезе арқылы сыртқа, таза ауаға алып шығады. Даладағы ауа температурасының төмен болуына байланысты балаларды өз үйіне апарып, жылы жағдаймен қамтамасыз еткен, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Айта кетейік, ерлік көрсеткен Рулан Сейітов Соловьёво орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1157945?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау