ШҚО тұрғыны «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен наградталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен көрсеткен ерлігі үшін Соловьёво ауылындағы орта мектептің педагогы Рулан Сеитов «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен наградталды. Награданы оған Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Фархат Әміре табыс етті.

  Еске салайық, 2026 жылғы 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының  Соловьёво ауылында Рулан Сеитов өзінің үйінің ауласында шаруашылық жұмыстарымен айналысып жүріп, көршісінің үйінің шатырынан түтін шығып жатқанын байқаған. Ол ойланбастан көмекке ұмтылды. Кіреберіс есікті ашқан кезде үйдің іші қатты түтінге толы болғандықтан, есік арқылы кіру мүмкін болмады. Рулан үйді айналып өтіп, екінші жағынан сынған терезені байқады, терезе маңында тұрған екі баланы көріп, түтінге толы үйден терезе арқылы таза ауаға шығарады. Далада қатты аяз болғандықтан, ол балаларды өз үйіне алып барды.

  Өңір тұрғындары мақтан тұта алатын, азаматтық жауапкершілік пен ерліктің нағыз үлгісін көрсеткен батырдың батыл және шешуші әрекеттерінің арқасында балалар құтқарылды.   

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1157874?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version