«Заң мен тәртіп құндылығы» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімі ұйымдастырған «Заң мен тәртіп құндылығы» тақырыбындағы қауіпсіздік сабағы жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға баулу, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру.

Шараға Қызылорда қалалық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция майоры Ерназарова Алия Бабабековна, Қызылорда қалалық полиция басқармасының Криминалды полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Серікбаев Асылбек Алматұлы, жедел уәкіл Сәбит Асылан Ғалымжанұлы, сондай-ақ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Мәлік Жандос Ғалымжанұлы қатысты.

Кездесу барысында студенттерге заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы, қоғамдағы тәртіптің орны, құқықтық сауаттылық пен мәдениет, әділдік пен жауапкершілік сияқты құндылықтар жөнінде мазмұнды ақпараттар ұсынылды. Тәрбиелік бағыттағы ойлар қозғалып, өмірлік жағдаяттар негізінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қатысушылар белсенді пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз көзқарастарын ортаға салды. Мұндай іс-шаралар жастардың бойында заңға бағыну мен тәртіпті сақтау дағдыларын қалыптастырып, саналы әрі жауапты азамат болып өсуіне оң ықпал етеді.

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі, ал тәртіпті сақтау – әр азаматтың парызы.
Осындай тағылымы мол тәрбиелік шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуына зор үлес қосады деп сенеміз.

Тәртіп бар жерде – тыныштық, заң бар жерде – әділдік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1157104?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version