Бөлім бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция майоры Е. Абиловтың басшылығымен жеке құрамның қатысуымен кешкі саптық жиын өткізілді.
Іс-шара барысында жеке құрамға жаңадан тағайындалған басшы құрам таныстырылып, олардың қызметтік міндеттері мен алдағы жұмыс жоспары түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау, қызметтік этика және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық таныту талаптары ерекше атап өтілді.
Саптық жиын шеңберінде қызметкерлердің белгіленген киім үлгісін сақтауына, қызметтік куәліктері мен жетондарының болуына қатысты саптық байқау өткізілді.
Тексеру барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, қызметке дайындығы және тәртіптілігі жан-жақты бағаланды. Жиын қорытындысында республика көлемінде өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қызмет атқаруды күшейтілген тәртіпте ұйымдастыру жөнінде тиісті нұсқама берілді.
https://www.instagram.com/reel/DUfc0gQCiuu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1157087?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау