ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ДРОНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңдылықты нығайту мақсатында Алматы облысының Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өңір жолдарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың алдын алу мен оларды тиімді анықтау мақсатында полиция қызметкерлері ұшқышсыз әуе аппараттарын (дрондарды) белсенді түрде пайдаланып келеді. Атап айтқанда, олар апаттылық деңгейі жоғары жол учаскелерінде қолданылуда.

Полицияның айтуынша, ұшқышсыз аппараттар заңбұзушылықтарды жедел тіркеуге, жүргізушілердің тәртібін арттыруға және ең бастысы – жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы жұмыс «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында алдағы уақытта да жалғасын табады. Оның басты мақсаты – өңірдің әрбір елді мекенінде қауіпсіз әрі заңға бағынатын ортаны қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1157217?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version