Тұмау және ЖРВИ – жоғарғы тыныс жолдарын, сондай-ақ бронхтарды және өкпені зақымдайтын жіті респираторлық вирустық аурулар.
Тұмау басқа жіті респираторлық вирустық инфекциялардан аурудың ықтимал ауыр ағымына және асқынуына байланысты ерекшеленеді.
Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация.
Қорғану тәсілдері:
– науқастармен қарым-қатынасты болдырмау;
– қолды сабынмен жуу;
– үй-жайды жүйелі түрде желдету;
– жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
Респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде тез арада дәрігерге жүгіну қажет.
Өздігінен емделу асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1157399?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау