Білім беру ұйымдарында оқу процесі қалыпты режимде жүргізілуде. Оқушылар арасындағы аурушаңдық сыныптағы оқушылар санының 20%-ын аспайды.
Денсаулық сақтау министрлігі алдын алу шараларын сақтау қажеттілігіне еске салады: қолдарды үнемі жуу, бөлмелерді желдету, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ауру белгілері болған жағдайда адамдардың көп жиналатын орындарына баруды шектеу.
Сонымен бірге елде қызылша ауруы жағдайлары тіркелуде. 2025 жылдың қарашасынан бастап аурушаңдықтың өсуі байқалды. Жағдайлар Шымкент қаласын қоспағанда, елдің 19 аймағында тіркелді.
Ауыратындардың негізгі үлесі егу жасалмаған халыққа тиесілі – жағдайлардың 80%, бұл ретте балалардың 58% ата-аналардың бас тартуы себепті вакциналанбаған.
Вакцинация қызылшадан алдын алудың жалғыз тиімді шарасы болып қала береді. Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға Ұлттық кестеге сәйкес балалардағы алдын алу егулерінің болуын тексеруді және қажет болған жағдайда тіркелген жеріндегі медициналық ұйымдарға жүгінуді ұсынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/test-test/press/news/details/1157979?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау