Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс уақытша жабылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына, атап айтқанда қар мен боран салдарынан көріну деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс уақытша жабылды.

Шектеу енгізілген учаскелер:
• Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда — барлық көлік түрлері үшін
• Ақтөбе – Атырау — барлық көлік түрлері үшін
• Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз — барлық көлік түрлері үшін
• Ақтөбе – Әлімбет (Орск) — жүк және қоғамдық көлік үшін
• Ақтөбе – Орал — жүк және қоғамдық көлік үшін
• Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы («Жайсаң» өткізу бекеті) — жүк және қоғамдық көлік үшін

Жүргізушілерге жолға шықпай, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және қозғалыстың қайта ашылуы туралы ресми ақпаратты қадағалап отыруға кеңес беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1158722?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version