Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Ақпан 10, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Ақтөбеде көктемгі су тасқынына дайындық жүріп жатыр

Жарияланды:

10/02/2026 17:14

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары өңірде жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, облыс аумағында топырақтың күзгі ылғалдылығы нормадан 26–85 пайызға дейін төмен. Ал жауын-шашынның мөлшері орташа есеппен 2-ден 97%-ға дейінгі былтырғы мәндерден аз болған.

Мамандардың мәліметінше, жер тоңының қату тереңдігі Мәртөк ауданында 32 сантиметрді, ал Әйтекеби ауданында 127 сантиметрді құраған. Су тасқынына қатысты негізгі гидрологиялық болжам наурыз айының басында жарияланады деп күтілуде.

Қазіргі таңда облыс аумағында су тасқынының алдын алуға бағытталған инженерлік жұмыстар жоспары іске асырылып жатыр. Жоспарға енгізілген 105 іс-шараның 99-ы – толық орындалған, ал қалған алтауы – аяқталу сатысында.

Аталған жұмыстар аясында өзен арналарының жағалауы нығайтылып, тереңдетіліп, тазаланды. Қорғаныш бөгеттері мен үйінділер көтеріліп, жөнделді. Сондай-ақ нөсер кәріздері мен су бұру арналары салынып, арық қазу жұмыстары жүргізілді. Су өткізу құбырлары мен гидротехникалық құрылыстар орнатылып, жөндеуден өтті.

Елді мекендер аумағынан 150 мың тоннадан астам қар шығарылған. Өзен арналарында мұз кептелісінің алдын алу мақсатында мұз жару жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

«Жоспар аясында өзен жағалауларын нығайту, тазарту, тереңдету жұмыстары істелді. Қорғаныс бөгеттері көтеріліп, нығайтылды. Су бұру, кәріз суы арнасы салынды, арықтар тазартылды. Қазіргі уақытта елдімекендерден 150 мың тоннадан астам қар шығарылды. Алдағы уақытта өзендерде мұз жару жұмысы жоспарланған. Жарылыс жұмыстары Ойыл, Үлкен Қобда, Шолақ өзендерінде жүргізіледі. Сонымен бірге көктемге 2 мыңнан астам адам, 800-ден астам техника дайын. 400-ден астам мотопомпа, 105 жүзу құралы бар. Екі әуе кемесі әзір», — деді облыстық ТЖД басқармасының басшысы Әлішер Сарбаев.

Сонымен қатар қаптар, инертті материалдар, жанар-жағармай және азық-түлік қоры дайындалған.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1158577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Облыстағы агроөнеркәсіп кешенін қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды
Next: Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version