«Рецидивті алдын алу» жобасы және 2026 жылға арналған Біржан сал ауданында құқық бұзушылықтарды алдын алу жөніндегі кешенді жоспар аясында аудан прокуратурасының бастамасымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру, пробациялық бақылауда тұрған адамдардың әлеуметтік бейімделуі мен қайта әлеуметтенуіне ықпал ету.
Жарыстар барысында қатысушылар спорттың түрлі түрлері бойынша (дойбы, армреслинг, гір көтеру) өз мүмкіндіктерін көрсетіп, командалық рухты, физикалық дайындығын және оң өзгерістерге ұмтылысын танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар грамоталармен марапатталып, барша қатысушыларға көрсеткен белсенділігі мен бастамашылдығы үшін алғыс білдірілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1158104?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау