Фристайл-могулдан Юлия Галышева бесінші Олимпиадасында бақ сынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері, 33 жастағы Юлия Галышева өзінің мансабындағы кезекті ірі додасында өнер көрсетті. Одан бөлек, әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері Анатасия Городко мен ту ұстаушы Аяулым Әмренова да өз шеберліктерін тексерді.

Ұпай қорытындысы:

12-орын. Анастасия Городко – 70.98 ұпай
14-орын. Юлия Галышева – 69.60 ұпай
20-орын. Аяулым Әмренова – 63.50 ұпай

Алғашқы іріктеу кезеңінде ТОП-10 спортшы тікелей финалға өтті. Ертең екінші іріктеуде финслдың тағы 10 жолдамасы сарапқа салынады.

Енді ертең аруларымыз Астана уақытымен 18:15-те екінші іріктеу кезеңі мен финал өтеді.

Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1158787?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version