«Халық бухгалтері» акциясы аясындағы Ашық есік күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 ақпанда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында республикалық «Халық бухгалтері» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік кірістер органдарының мамандары кәсіби бухгалтер «Есеп.kz» КББ өкілімен бірлесіп жаңа Салық кодексі, салық есептілігін тапсыру, ҚҚС, арнайы салық режимдері және өзін-өзі жұмыспен қамтуға көшу мәселелері бойынша консультациялар өткізді.

«Халық бухгалтері» акциясы 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Консультациялар Өскемен қ., Н. Назарбаев даңғ., 86, 3-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі:

қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін;

наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.

Басқа қалалар мен аудандардың тұрғындары үшін бейнебайланыс форматында кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған Байланыс нөмірі: 8 771 123 80 84.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1158185?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version