Конституциялық реформа: еңбек ұжымымен мазмұнды кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конституциялық реформа аясында әзірленген жаңа Ата Заң жобасын түсіндіру мақсатында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен қалалық мәслихат төрағасы Кенжебек Олжабай «Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында қала әкімі еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар Бақытжан Әмірбекұлы жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты – әділетті, ашық әрі тұрақты мемлекет қалыптастыру екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Ата Заң жобасы қоғамдағы барлық әлеуметтік топтың, соның ішінде еңбек адамдарының мүддесін қорғауға бағытталған.

Өз кезегінде қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай Конституцияға енгізілетін өзгерістер халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, жергілікті деңгейде шешім қабылдау үдерістерінің ашықтығын арттыратынын жеткізді.

Кездесу соңында мекеме қызметкерлері конституциялық реформаларға қатысты ой-пікірлерін білдіріп, жаңа Ата Заң жобасына қолдау танытты.

Шараны қорытындылаған шаһар басшысы мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, еңбек ұжымдарын ел болашағына қатысты маңызды бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1158767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version