Күршімдегі Жастар орталығы жөндеуден өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күршім аудандық Жастар ресурстық орталығы ғимаратында жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Жөндеу барысында ғимараттың ішкі-сыртқы келбеті жаңартылып, қосымша бөлмелер жасалды. Есіктер толық ауыстырылып, ыстық және суық су жүйелері тартылып, санитарлық торап жаңартылды.

Сонымен қатар электр желілері, конференция залы және демалыс бөлмелері жаңарып, қажетті жиһаздармен, жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Демалыс және дене шынықтыру мақсатында веложол және жүгіру жолы тренажерлары орнатылды. Сондай-ақ сайлау комиссиясының жұмысына арналған екі кабинет жабдықталды.

Мердігер – «Water membrane technology» ЖШС.

Жаңарған, жанданған Жастар ресурстық орталығы бүгінде түрлі қоғамдық және әлеуметтік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге толық дайын.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1158780?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version