МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-САЗДЫ ЛИРИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, халық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-сазды лирикалық кеш өтті.
 
Аталған шараның негізгі мақсаты – ақынның бай рухани мұрасын насихаттау, оның шығармашылығы арқылы ұлттық рух пен көркем сөз өнерінің құндылығын дәріптеу, сондай-ақ көрерменнің эстетикалық талғамын арттыру болды.
 
Кеш барысында театр әртістері Мұқағали Мақатаевтың өмір, махаббат, адамгершілік және отаншылдық тақырыбындағы таңдаулы өлеңдерін көркемдік деңгейде орындап, «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен әдебиет пен музыканың өзара үндестігін көрсетті. Сахналық қойылымдар ақын поэзиясының терең философиялық мазмұнын ашуға бағытталды.
 
Айта кетейк, шараға поэзия сүйер қауым, мәдениет пен өнер саласының өкілдері, зиялы қауым мүшелері қатысып, әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кеш көрермен тарапынан оң бағасын алып, рухани-мәдени маңызы зор шара ретінде атап өтілді.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1158513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version