Өмірге қауіп төндірген заңбұзушылықтар: полиция түнгі рейдтің қорытындысын шығарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында бір түн ішінде патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін жол ережелерінің бірқатар бұзылуын анықтады.

Жол қозғалысы ережелері — бұл жай ғана формалдылық емес, олар нақты өмірлік жағдайлар мен ережелерді елемеудің қайғылы салдары негізінде қалыптастырылған талаптар жиынтығы. Көзге елеусіз көрінетін ұсақ заңбұзушылықтың өзі жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін.

Түнгі патрульдеу барысында құқық қорғау органдары тарапынан келесі заңбұзушылықтар тіркелді: көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқарудың бір дерегі, техникалық регламент талаптарына сай келмейтін көлік құралдарын пайдаланудың 33 жағдайы, сондай-ақ қозғалыс кезінде жүргізушілердің ұялы телефон қолдануының бес фактісі.

Сонымен қатар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзудың жеті дерегі анықталды, оның ішінде қауіпсіздік белдіктерін қолданбау жағдайлары да бар. Маневр жасау ережелерін бұзудың 11 фактісі және бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кетудің екі дерегі тіркелді. Ең көп заңбұзушылық жол белгілерінің талаптарын сақтамаумен байланысты — барлығы 77 факт анықталған. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзудың бес дерегі, жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 10 жағдайы және жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуінің бес фактісі тіркелді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, анықталған әрбір заңбұзушылық — адам өмірі мен денсаулығына төнетін әлеуетті қауіп.

«Жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалысқа қатысушының жеке жауапкершілігінен басталады. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау — бұл заң талабы ғана емес, айналадағы адамдардың өміріне деген құрмет», — деп атап өтті патрульдік полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары өңірде профилактикалық жұмыстардың тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын және олардың жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын еске салды.

#законипорядок #заңментәртіп #пдд

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1158364?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version