Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап өртке қарсы жабдықтарды жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның мақсаты – орман және табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын толық жаңарту, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін күшейту.
Аталған бағдарлама аясында Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесіне жаңа 9 бірлік орман өртін сөндіру техникасы табысталды.
Әрбір техника қозғалыс кезінде өрт сөндіруге мүмкіндік беретін қуатты өрт сорғысымен, сыйымдылығы 3 м³ суға арналған цистернамен, сондай-ақ өрт-техникалық жабдықтардың толық жиынтығымен, жеке қорғаныс және радиобайланыс құралдарымен жабдықталған.
Қосымша ретінде, көлік шанағы мен доңғалақ доғаларын өздігінен сөндіру жүйесі, сондай-ақ көлік асты бойымен қорғаныс жолағын жасау үшін су беру мүмкіндігі қарастырылған.
Бұл барлық құрал-жабдықтар орман өртімен күресудің тиімділігін едәуір арттырып, Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтауға үлкен үлес қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1158792?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау