Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобланбек Кожин мен қалалық мәслихат депутаты Болат Сүлейменов Павлодар ауылының тұрғындарымен жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылады.
⠀Конституцияның жаңа мәтінінің басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағытталғандығы – олар Кіріспеде ғана бекітілген емес, сонымен бірге бүкіл Негізгі Заңның басымдығы мен мағыналық өзегі ретінде айқындалған.
⠀Сондай-ақ, депутаттар қолданыстағы Конституцияның Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасуы мен тарихи дамуында маңызды рөл атқарғанына тоқталды.
⠀Тұрғындар жаңа конституциялық бастамаларға қатысты сауалдарын қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, әлеуметтік саланы жақсарту және адам құқықтарын қорғау бойынша ойларын ортаға салды.
⠀e-Otinish және eGov порталдары арқылы халықтан ұсыныстар жинау жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1158699?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау