Қолайсыз ауа райы жағдайына (қатты боран, көру қашықтығының күрт төмендеуі) байланысты республикалық маңызы бар «Самара–Шымкент» автожолында барлық көлік құралдарының қозғалысына уақытша тыйым салынды.
Аталған шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында қабылданды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті.
Қозғалысқа енгізілген шектеу ауа райы жағдайы тұрақтанып, жол көрінуі қалпына келгенге дейін күшінде болады.
Аудан тұрғындары мен жүргізушілерден елді мекендерден тыс жерлерге шықпауын және ресми қызметтердің хабарламаларын қатаң басшылыққа алуын сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1158676?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау