Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада шорт-трек сайысынан ту ұстаушымыз Денис Никиша 1000 метр қашықтықта сынға түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Денис Никиша өз тобында кіл мықтылар жиналған Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Пьетро Сигель (Италия), әлем чемпионатының жүлдегерлері Кантен Феркок (Франция), Брендан Кориямен (Аустралия) бірге жүгірді.
Нәтижесінде отандасымыз 1:25.987 уақыт көрсеткішімен 3-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, әр топтан тек 2 үздік нәтиже көрсеткен спортшы ширек финалға өтеді.
Енді ұлттық құрамамыз аралас эстафетада бақ сынайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1158762?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау