София Шульженко әлем және Азия рекордын жаңартып, Делиде 2 алтын медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына 2 алтын медаль түсті.

Әйелдер арасында 3 позицияда 50 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жекелей сында София Шульженко жеңімпаз атанды. Ол үздік 8 мерген іріктелген финалда 358.2 ұпай жинап, рекорд жаңартты. Енді отандасымыз – осы жаттығуда ересектер және жасөспірімдер санатында әлем мен Азия рекордының иесі. Мұнда күміс пен қола Үндістан спортшыларының еншісінде.

Ұлттық құрама спортшылары – София Шульженко, Арина Малиновская мен Елизавета Безрукова ақтық сында өнер көрсетіп, жалпы есепте 1-орын алды. Осылайша, биылғы құрлық додасында әйелдер командасы толық басымдық көрсетті. Олардың жалпы көрсеткіші – 1760 балл.

Айта кетейік, бәсеке 3 жас санатында (ересектер, жастар, жасөспірімдер) өтіп жатыр. Биыл Дели қаласында құрлықтағы 20 елден жиналған 320 спортшы жүлдеге таласады. Қазақстан құрамасы сапында 3 жас санатында 47 мерген аттанды. Қазақстан ересектер құрамасының бас бапкері – Ольга Довгун. Сары құрлық бәсекесі 13 ақпанда мәресіне жетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1158648?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version