«Заң мен тәртіп – Адал азаматтың жолы»: Астанада дебат ойыны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Заң мен тәртіп – Адал азаматтың жолы» қалалық байқауы аясында төртінші кезең – дебат ойыны өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталған іс-шара жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Байқауға жолдама алған әр білім беру ұйымынан 10 оқушыдан құралған 1 команда қатысты. Жалпы 120 оқушыдан тұратын 12 команда өзара бақ сынады. Іс-шараны өткізуге Астана қаласының прокуратурасы органдары да қолдау білдірді.

Дебат мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлін түсіндіру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және «Адал азамат» құндылықтарын насихаттау.

Дебатты бағалау жұмысына прокуратура, полиция және білім саласының өкілдері қатысып, қатысушылардың дәлелдерінің нақтылығы мен логикалық жүйелілігіне, шешендік шеберлігіне және командалық жұмысына баға берді. Сонымен қатар сарапшылар құқықтық мәселелер бойынша түсіндірме жүргізіп, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен құқықтық салдарлар туралы нақты мысалдар келтірді.

Бұл – «Заң мен тәртіп – Адал азаматтың жолы» қалалық байқауының төртінші кезеңі. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:
• тестілеу;
• бейнеролик байқауы;
• кейстік тапсырмалар;
• дебат;
• жобаларды қорғау;
• қорытынды марапаттау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сыни ойлауын дамытуға және қоғамда заңға құрметпен қарау құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1158535?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version