Брифинг спикері: Хромтау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Карабалин Нұртілек Шамғонұлы
Жұмыс нәтижелері мен сандар:
Бақылау нәтижесі: Жыл басынан бері жоспарлы тексеруден өткен нысандарда бірде-бір өрт оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл – бірлескен жұмыс пен тәртіптің жемісі!
Ақпараттандыру: 25 000-нан астам тұрғынмен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік ережелері ескертілді.
Акциялар: «Қауіпсіз көлік», «Балаларды қорғаңыз» және «Қауіпсіздік үшін бірге» сияқты 12 ауқымды акция ұйымдастырылды.
Цифрлық бағыт: Әлеуметтік желілерде 180-нен астам танымдық материал жарияланып, Zoom және WhatsApp арқылы онлайн нұсқаулықтар берілді.
Газ баллонын пайдаланатындар үшін маңызды:
Газ баллондарын тек мамандандырылған орындарда толтырыңыз.
2 қабаттан жоғары тұрғын үйлерде газ баллонын қолдануға тыйым салынатынын ұмытпаңыз.
Плита мен баллон арасындағы шланг ұзындығы 1 метрден аспауы қажет.
Электр қауіпсіздігі:
Тұрғын үй секторындағы жағдайлардың негізгі себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Сондықтан сымдар мен құрылғылардың дұрыстығын үнемі тексеріп отыруды сұраймыз.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаудың ең сенімді жолы!
Төтенше жағдай орын алса, бірден «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1158671?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау