⚖️ «Құқықтық дәріхана» акциясы
Құрметті Жақсы ауданының тұрғындары!
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2026 жылғы 12 ақпанда және 19 ақпанда сағат 11:00-де сіздерді «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік акциясына қатысуға шақырамыз.
Бұл іс-шара азаматтардың өзекті мәселелерін жедел әрі білікті түрде шешуге бағытталған.
👥 Акция аясында келесі мамандар тегін кеңес береді:
- Жақсы ауданы прокуратурасының қызметкерлері;
- Жергілікті атқарушы орган өкілдері;
- Адвокаттар мен нотариустар.
📍 Өткізілетін орны: Жақсы ауылы, Достық көшесі, 14 («Жақсы ауданының ТҮКШ, ЖТ, АЖ және ТИ бөлімі» ММ ғимараты, сервистік әкімдік базасында).
🛡 Іс-шараның мақсаты: Акция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың ерте сатыда алдын алу мақсатында өткізіледі. Азаматтар қолданыстағы заңнама нормалары бойынша түсініктемелер алып, құқықтық дауларды шешуде атаулы көмек ала алады.
📞 Анықтама телефондары:
- +7 (776) 136-32-36
- +7 (707) 209-66-12
«Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету — баршамызға ортақ міндет! Сіздерді іс-шарада күтеміз.»
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1159043?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау