Үстіміздегі жылдың 10 ақпан күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Ордабасы ауданындағы іс сапары барысында Ордабасы ауданының білім бөліміне қарасты “М.Х.Дулати” атындағы ЖББМ” КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мадина Сейдуалықызы мектеп қызметкерлеріне ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалуы бойынша еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау