«Нұра» және «Есіл» аудандарындағы аулаларды, скверлерді, саябақтарды және басқа да демалыс аймақтарын абаттандыру жоспарлары тыңдалды.
Аудан әкімдіктері ұсынған жобалар тұрғындар үшін маңызды бағыттарды айқындайды: жайлы серуендеу аймақтарын құру, қауіпсіз балалар алаңдарын орнату, демалыс пен спортқа арналған қолайлы орындар қалыптастыру. Бастамалардың басым бөлігі қаржыландыруды қажет ететіндіктен, талқылау барысында жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру, жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін қолдану мәселелері қаралды.
Мұндай кешенді жоспарлау қаланың көркін жақсартумен қатар, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Қоғамдық кеңістіктер – бұл жайлылық, қауіпсіздік және отбасы мен достармен белсенді уақыт өткізу мүмкіндігі, сондай-ақ елорда келбеті.
Жұмыс жалғасады: осы аптада елорданың өзге аудандарының есептері тыңдалып, алдағы қадамдар жан-жақты талқыланып, нақты шешімдер қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1158838?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау