Мұнайшы ауылында оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жиналыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайшы ауылындағы №5 орта мектепте оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жиналыс өткізілді.

Іс-шара барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу, сталкинг, некеге мәжбүрлеу, сондай-ақ буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелері қаралды. Қатысушыларға аталған құқыққа қайшы әрекеттердің заң алдындағы жауапкершілігі мен олардың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, оқушыларға өз құқықтарын қорғау, қауіп төнген жағдайда қайда және қалай жүгіну қажеттігі туралы ақпарат берілді.

Мұндай шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DUk0ayQjdU2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1158819?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version