Облыс әкімінің орынбасары агро сала қызметкерлерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен маңызын түсіндірді.

Жиынға салалық басқарма басшылары мен шаруашылық жетекшілері қатысты.

Басқосуда Әбілхайыр Ғалымұлы ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталып, оның қоғам өміріндегі орнына кеңінен назар аударды.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері де қозғалып, шаруа қожалық басшылары өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-auyl/press/news/details/1158965?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version