Қарағандыда классикалық музыка кеші өтеді: сахнада – жас та болса халықаралық байқауларда топ жарған скрипкашы Аделя Дүйсенбай. Ол Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді. Концерт 14 ақпан күні сағат 17:00-де Amanat партиясы филиалының залында (Әлиханов көшесі, 4) өтеді.
Кеш бағдарламасына француз композиторы Эдуард Лалоның скрипка мен оркестрге арналған «Испан симфониясы» және Жорж Бизенің «Рим» симфониясы енгізілген. Бұл туындылар көрерменге еуропалық классиканың әсем бояуын, романтикалық өрнегін және симфониялық кең тынысын ұсынады.
Солист Аделя Дүйсенбай – П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Академиялық музыкалық училищенің түлегі, халықаралық байқаулардың лауреаты.
Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айдар Торыбаев дирижерлік етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1159076?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау