«Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтетін болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

«Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтетін болады

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтерді алу бойынша заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында  «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылған болатын.

Осыған орай, 2026 жылғы 12 ақпан күні сағат 11:00-де Мақтаарал аудандық дербес бөлімдерінің ғимаратында орналасқан фронт-офисте (Мадиходжаев көшесі, 28 үй) «Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туу туралы куәлігін алу, қамқоршылық, қорғаншылық және бала тәрбиелеу саласындағы  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтеді.

Іс-шара барысында  Азаматтық хал актілерін тіркеу және аудандық білім бөлімі мекемелері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бойынша жауапты мамандарына өз сауалдарыңызды қойып, кеңес алуға мүмкіндігіңіз бар!

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1159664?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version