САЙЛАУ – ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫНЫҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 10 ақпан күні Талдыбұлақ ауылдық округінің тұрғындары мен сайлаушыларымен Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов арнайы барып, кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдық округ әкімін сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, сайлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, кандидаттарға қойылатын талаптар, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ заңнамада белгіленген әкімдік сайлауға қатысты негізгі қағидалар сөз болды.
Сонымен қатар, алдағы әкім сайлауына орай кандидаттар арасында ашық пікірсайыс ұйымдастырылды. 22 ақпан күні өтетін ауыл әкімдерінің сайлауына үш үміткер тіркеліп, олар ауыл тұрғындары алдында өз бағдарламалары мен өмірбаяндарын таныстырды.
Пікірсайыс белгіленген тәртіпке сай үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде кандидаттар өздерін таныстырып, алға қойған мақсат-міндеттерімен бөлісті. Екінші кезеңде үміткерлер бір-біріне сауал жолдап, өзара пікір алмасты. Ал үшінші, қорытынды бөлімде ауыл тұрғындары кандидаттарға көкейіндегі сұрақтарын қойып, біліктілігі мен ұстанымына баға берді.
Ауыл халқының басты талабы – елге жанашыр, ауылдың дамуына қызмет ететін басшының сайлануы.
 
Нұрайлым Қуандыққызы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1158888?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version