Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- Мұнайлы ауданының әкiмдігі 2026 жылы Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау мақсатында ауелдi мекен ішінде тұрақты тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:
№1 лот №14 «Батыр» маршруты.
Конкурстың өтетін уақыты: 12 наурыз 2026 жыл, сағат 16:00-де.
Конкурстың өтетін орны: Маңғыстау ауылы, «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимараты, 1-қабат, кіші мәжіліс залы.
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады. - Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында орналасқан қоғамдық ұйымдар ғимаратының 3-қабатында орналасқан «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2026 жылғы «26» ақпан.
- 2026 жылы 17 ақпан конкурстық комиссия, конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференция отырысын өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: (87292)46-62-29, (87292)46-62-30.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1159466?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау